
Ауданда «Summer Fest» жазғы концерті өтті.
Ауданның орталық алаңында ашық аспан астында «Summer Fest» мерекелік концерті ұйымдастырылды. Кеш барысында аудан өнерпаздары мен жас таланттар көпшілікке әсем әндері мен әсерлі би қойылымдарын ұсынып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Жазғы кештің ерекше атмосферасында өткен мәдени шара аудан тұрғындары мен қонақтарының басын қосып, баршаға жарқын әсер мен жағымды эмоция сыйлады.