
Астана күніне орай Қарғалы ауданында таза ауа аясында мерекелік шара ұйымдастырылды.
Іс-шараға Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаев қатысып, жиналған қауымды мерекемен құттықтап, елордамыздың еліміздің өркендеуі мен тәуелсіздігінің жарқын символы екенін атап өтті.
Мерекелік басқосу барысында қатысушылар көтеріңкі көңіл күйде бас қосып, еркін форматта әңгімелесіп, табиғат аясында тағылымды уақыт өткізді.
Астана күні – ел бірлігі мен татулығын нығайтатын, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыратын ерекше мереке. Осындай игі шаралар тұрғындардың өзара ынтымағын арттырып, туған жерге деген құрметті нығайта түседі.