
Қарғалы ауданында 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні мен Қазақстан полициясы күніне орай салтанатты шара өтті.
Салтанатты шара барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және тұрғындардың қауіпсіздігін сақтауға үлес қосып жүрген бірқатар сала қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.
Мерекелік жиында аудан басшылығы мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың ел игілігі жолындағы еңбегіне алғыс білдірді.
Бұл күн – елге қызмет етуді абыройлы міндет санайтын жандарға көрсетілген құрметтің айқын көрінісі. Халыққа адал қызмет ету, заңдылық пен тәртіпті сақтау жолындағы еңбектеріңіз әрқашан жоғары бағалана берсін!
Кәсіби мереке құтты болсын!