22 маусымға «Қазгидромет» дауылды ескерту жариялады

22 маусымға «Қазгидромет» дауылды ескерту жариялады

22 маусымға «Қазгидромет» дауылды ескерту жариялады

22 маусым күні күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде нөсер жаңбыр, бұршақ және дауылды жел күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жел екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетіп, кей уақытта 23 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Облыстың оңтүстігінде күн қатты ысып, ауа температурасы +35°C-қа дейін көтеріледі.
Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Сондай-ақ өңірдің орталық бөлігінде де жоғары өрт қаупі күтіледі.