Қарғалы ауданында медицина қызметкерлері күніне орай аудандық мәдениет үйінде салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік жиынға ауданның денсаулық сақтау саласында аянбай еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандар, ардагерлер мен сала қызметкерлері қатысты. Шара барысында адам өмірі мен денсаулығын сақтауда қажырлы қызмет атқарып жүрген медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетіліп, олардың қоғамдағы орны мен еңбегінің маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Аудан басшылығы медицина саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, халық денсаулығын нығайту жолындағы жауапты еңбектері үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ бірқатар сала мамандары адал қызметі, кәсіби біліктілігі және денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды.

Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаға ұласып, өнерпаздар медицина қызметкерлеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Ақ халатты абзал жандардың еңбегі — әрқашан құрметке лайық. Олар күн сайын адам өмірі үшін күресіп, халықтың саулығы жолында қалтқысыз қызмет етіп келеді.