
Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаев аудан прокуроры Ернар Урекешовпен бірлесіп, кәсіпкерлерді жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында кәсіпкерлік қызметті жүргізу кезінде туындайтын өзекті сұрақтар, жер қатынастары, рұқсат құжаттарын рәсімдеу, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және өзге де мәселелер қаралды.
Аудан басшысы әрбір өтініштің заң аясында жан-жақты қаралатынын атап өтіп, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Өз кезегінде аудан прокуроры кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстардың тұрақты бақылауда екенін жеткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша көтерілген мәселелерді шешу жолдары түсіндіріліп, жауапты мемлекеттік органдарға тиісті шаралар қабылдау тапсырылды.