
Бүгін Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаевтың төрағалығымен аппараттық жиналыс өтті.
Жиналыс барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, «Ауыл аманаты» бағдарламасының орындалу барысы, шегіртке тектес зиянкестерге қарсы жүргізілген жұмыстар, сондай-ақ Жұмыспен қамту жол картасының іске асырылуы талқыланды.
Күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша жауапты сала басшылары баяндама жасап, атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы ақпарат берді. Аудан басшысы бағдарламалардың сапалы әрі уақытылы орындалуы тұрғындардың әл-ауқатын арттыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Жиын қорытындысы бойынша аудан басшысы жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріп, белгіленген жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруды және олардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.