Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаев Шәмші Қалдаяқов ауылдық округінің әкімі Самат Ізтлеуовпен бірге Шәмші Қалдаяқов тұрғындарымен кездесіп, ауылдың бүгінгі тыныс-тіршілігі мен алдағы даму жоспарларын талқылады.

Кездесу барысында тұрғындар ауылдың әлеуметтік жағдайы, инфрақұрылымды дамыту, жол сапасы, абаттандыру, коммуналдық қызметтер және өзге де өзекті мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлерін білдірді. Ашық форматта өткен жиында әрбір көтерілген мәселе назардан тыс қалмай, оларды шешу жолдары жан-жақты қарастырылды.

Аудан басшысы тұрғындардың белсенділігі мен ауылдың өркендеуіне деген жанашырлығын атап өтіп, елді мекеннің тұрақты дамуы тұрғындар мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен еңбегінің нәтижесі екенін жеткізді. Сонымен қатар, көтерілген мәселелер бойынша жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынатынын айтты.