Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаев Қос-Естек ауылдық округінің әкімі Гүлжан Досмағамбетованың қатысуымен Қос-Естек ауылының тұрғындарымен кезекті кездесу өткізді.

Кездесу барысында ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жақсарту, елді мекенді абаттандыру, жолдардың жағдайы, коммуналдық қызметтердің сапасы және тұрғындарды толғандырған басқа да өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.

Ауыл тұрғындары өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, күнделікті тұрмысқа қатысты мәселелерді көтерді. Аудан басшысы әрбір сауалға жан-жақты жауап беріп, шешуді қажет ететін мәселелер бойынша жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеді.

Кездесу соңында көтерілген мәселелердің кезең-кезеңімен шешілетіні және олардың орындалуы тұрақты бақылауда болатыны атап өтілді.