Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаев Желтау ауылдық округінің әкімі Азамат Рзагуловпен бірге Петропавл ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жетілдіру, жолдардың жай-күйі, абаттандыру жұмыстары, коммуналдық қызметтердің сапасы және тұрғындарды толғандырған өзге де өзекті мәселелер талқыланды.

Ауыл тұрғындары өздерінің ұсыныс-пікірлері мен көкейде жүрген сауалдарын ашық айтып, елді мекеннің дамуына қатысты өз ойларымен бөлісті. Аудан әкімі көтерілген мәселелердің әрқайсысына тоқталып, заң аясында тиісті түсініктемелер берді.

Сонымен қатар, шешуді қажет ететін мәселелер бойынша жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеліп, олардың орындалуы тұрақты бақылауда болатыны атап өтілді.

Мұндай кездесулер халық пен билік арасындағы ашық диалогты нығайтып, тұрғындардың өзекті мәселелерін уақытылы шешуге және өңірдің тұрақты дамуына ықпал етеді.