
Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаев Велихов ауылдық округіне жұмыс сапары барысында Велихов және Ақжайық ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы, елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту, жол, абаттандыру, коммуналдық қызмет көрсету сапасы және тұрғындарды толғандырған өзге де өзекті мәселелер талқыланды.
Аудан басшысы тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін мұқият тыңдап, көтерілген сұрақтар бойынша тиісті түсіндірмелер берді. Сонымен қатар, жауапты сала басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар жүктеліп, мәселелерді заң аясында кезең-кезеңімен шешу қажеттігі атап өтілді.