
Кемпірсай ауылдық округінде тұрғындармен кездесу өтті
Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаев Кемпірсай ауылдық округіне қарасты Кемпірсай және Жосалы ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Жиын барысында Кемпірсай ауылдық округінде ағымдағы жылдың 5 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп тыңдалып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы міндеттері қаралды.
Сонымен қатар, ауыл тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Атап айтқанда, елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту, жол жағдайы, абаттандыру, әлеуметтік нысандардың жұмысы және күнделікті тұрмысқа қатысты бірқатар сұрақтар қозғалды.
Аудан басшысы көтерілген мәселелердің әрқайсысына тоқталып, тиісті жауаптар берді. Сонымен бірге, шешуді қажет ететін сұрақтар бойынша жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы бақылауда болатынын атап өтті.