Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің айшықты белгісі

Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің айшықты белгісі

Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің айшықты белгісі

Бүгін Қарғалы ауданында 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай салтанатты жиын өтті.

Іс-шараға Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаев қатысып, аудан тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады. Салтанатты жиын барысында орталық саябақта Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтеріліп, Әнұран шырқалды.

Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың тәуелсіздігін, бірлігін, елдік мұратын бейнелейтін қасиетті құндылықтар. Көк байрағымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз әрбір қазақстандықтың жүрегінде отансүйгіштік сезімді нығайтып, елге деген құрмет пен жауапкершілікті арттырады.

Мерекелік шараға ауданның мемлекеттік қызметшілері, мекеме қызметкерлері, жастар және аудан тұрғындары қатысты.

Айбынды рәміздеріміз әрдайым биікте желбіреп, еліміздің мерейі үстем бола берсін!