
Рәміздер — елдігіміздің айқын белгісі
Бүгін Қарғалы ауданы әкімдігінің қызметкерлері 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай жұмыс күнін Мемлекеттік Әнұранды орындаудан бастады.
Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран — тәуелсіз еліміздің қасиетті құндылықтары, халқымыздың бірлігі мен елдігінің, биік рухы мен жарқын болашаққа деген сенімінің символы.
Аталған шараның басты мақсаты — мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру, отансүйгіштік сезімді нығайту және әрбір азаматтың ел алдындағы жауапкершілігін ұғындыру.
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу — әрбір қазақстандықтың қасиетті борышы.