Балаларға қуаныш сыйлаған мереке

Балаларға қуаныш сыйлаған мереке

Балаларға қуаныш сыйлаған мереке

Бүгін Қарғалы ауданының орталық саябағында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.

Мерекелік шараға аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев қатысып, тұрғындармен бірге айтулы мерекені тамашалады.

Шара барысында балаларға арналған концерттік бағдарлама ұсынылып, түрлі ойындар, байқаулар мен қызықты тапсырмалар ұйымдастырылды. Кішкентай бүлдіршіндер мерекелік көңіл күйге бөленіп, ән айтып, би билеп, қуанышты сәттердің куәсі болды.

Орталық саябақта өткен мерекелік іс-шара балаларға шаттық сыйлап, ата-аналар мен тұрғындарға ерекше әсер қалдырды. Балалардың күлкісі мен қуанышы мерекенің сәнін келтіріп, бұл күнді ұмытылмас сәттерге толтырды.

Барша балалардың балалық шағы бақытқа, қуанышқа және мейірімге толы болсын!