Бүгін Қарғалы ауданының барлық мектептерінде мектеп бітіруге арналған салтанатты іс-шаралар өтті.

Бүгін Қарғалы ауданының барлық мектептерінде мектеп бітіруге арналған салтанатты іс-шаралар өтті.

Бүгін Қарғалы ауданының барлық мектептерінде мектеп бітіруге арналған салтанатты іс-шаралар өтті.

2025-2026 оқу жылында аудандық білім бөліміне қарасты 12 жалпы орта білім беретін мектепте 11-сыныпты 135 түлек аяқтап отыр. Олардың ішінде 7 оқушы «Алтын белгі» төсбелгісіне, 15 оқушы үздік аттестатқа үміткер.

Сонымен қатар, 9-сыныпта 191 оқушы білім алуда, оның ішінде 13 оқушы үздік аттестатқа үміткер болып отыр.

Бұл күн – мектеп қабырғасындағы білім мен тәрбиенің, ұстаздар еңбегі мен ата-аналар қолдауының жемісі көрінетін ерекше сәт. Алда түлектерді жауапты кезең – қорытынды емтихандар мен Ұлттық бірыңғай тестілеу күтіп тұр.

Құрметті түлектер! Сіздерге алдағы сынақтардан сүрінбей өтіп, таңдаған мамандықтарыңызға қол жеткізулеріңізге тілектеспіз. Болашақтарыңыз жарқын, қадамдарыңыз нық, армандарыңыз асқақ болсын!

Ақ жол, қымбатты түлектер!