МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаевтың қатысуымен мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік жиында аудан басшысы мәдениет саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың ауданның рухани дамуына, ұлттық құндылықтарды насихаттауға және өнер мен мәдениетті өркендетуге қосып жүрген үлестерін ерекше атап өтті.
Шара барысында мәдениет саласында жемісті еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлер аудан әкімінің Алғыс хаттарымен және арнайы марапаттарымен марапатталды. Сонымен қатар, мәдениет пен өнердің қоғамдағы орны, жас ұрпаққа рухани тәрбие берудегі маңызы кеңінен айтылды.
Мерекелік кеш аудан өнерпаздарының қатысуымен ұйымдастырылған әсерлі концерттік бағдарламаға ұласып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Салтанатты шара мәдениет қызметкерлеріне көрсетілген зор құрмет пен ризашылықтың жарқын көрінісі болды.