Қарғалы ауданының өнімдері Ақтөбе тұрғындарына ұсынылды

Қарғалы ауданының өнімдері Ақтөбе тұрғындарына ұсынылды

Қарғалы ауданының өнімдері Ақтөбе тұрғындарына ұсынылды

🔹 Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Ақтөбе қаласындағы коммуналдық базарларда аудан өнімдері тұрақты түрде сатылуда. Бүгін Қарғалы ауданының тауар өндірушілері Қиреев көшесі, 4 мекенжайындағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне өз өнімдерін алып келді.

🧀 Саудаға сүт өнімдері, шұжықтар, сүзбе, жұмыртқа, жергілікті өндірілген қызанақтар және өзге де табиғи азық-түліктер шығарылды. Барлық өнімдер таза, сапалы әрі тұрғындарға қолжетімді бағамен ұсынылуда.

✨ Қазіргі таңда халық тарапынан сұраныс жоғары. Әсіресе сүт өнімдері мен табиғи азық-түлік түрлері тез өтіп жатыр.

Ақтөбе қаласының тұрғындарын коммуналдық базарларға келіп, Қарғалы ауданының табиғи әрі дәмді өнімдерін сатып алуға шақырамыз.