
АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУДЕ
Биыл Ақтөбе облысы бойынша жалпы егіс алқабы шамамен сегіз жүз мың гектарды құрайды. Оның 506 мың гектарына дәнді дақылдар егіледі. Айта кетейік, өңірдегі негізгі астық егетін аудандар қатарында Мәртөк, Әйтеке би, Хромтау және Қарғалы аудандары бар.
Айта кету керек, Қарғалы ауданы картоп өсірумен де кеңінен танымал. Аталған түбірлі дақылдың негізгі көлемі дәл осы Қарғалы жерінде өсіріледі.