Бадамша ауылында жол жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.

Бадамша ауылында жол жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.

Бадамша ауылында жол жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Ауылішілік көшелерді жаңғырту бағытындағы жұмыстар тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырып, көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен қолайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Қазіргі таңда арнайы техникалар жұмылдырылып, жолдардың ескі қабаттарын қалпына келтіру, тегістеу және асфальт төсеу жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда.
Аталған жұмыстар ауыл инфрақұрылымын дамытуға серпін беріп, тұрғындардың көптен бері көтеріп жүрген мәселелерінің оң шешім табуына мүмкіндік жасауда.