Қарғалы ауданында «Ақтөбе медиа» холдингінің директоры Раукен Сағызбайұлының бастамасымен 2026 жылғы екінші жартыжылдыққа арналған баспасөзге жазылу науқаны аясындағы жұмыс сапары өтті.

🤝Іс-шара барысында аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев холдинг өкілдерімен кездесіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен жүзеге асырылып жатқан жобалар жөнінде пікір алмасты.

🔰Аудан әкімдігінде өткен кездесуге білім, мәдениет, денсаулық сақтау, жастар саясаты және мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қатысып, облыстық басылымдардың маңызы мен ақпарат кеңістігіндегі рөлі талқыланды. Сонымен қатар, шара барысында бірқатар сала өкілдері мен мекеме қызметкерлеріне Қазақстан Журналистер одағының Құрмет грамоталары мен «Ақтөбе Медиа» ЖШС-нің алғыс хаттары табысталды.

✨Кездесу аясында қонақтар аудандық орталық музейді аралап, Қарғалы ауданының тарихы мен тыныс-тіршілігімен танысты. Шара өзара ынтымақтастықты нығайтып, өңірлік журналистиканың дамуына серпін берген мазмұнды басқосуға айналды.