
«AMANAT» партиясының ғимаратында аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
🤝Қабылдау барысында аудан тұрғындары тұрғын үй, жер, инфрақұрылым, әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту және өзге де өзекті мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді. Әрбір азаматтың мәселесі мұқият тыңдалып, заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
🔰Көтерілген мәселелердің бірқатары сол жерде шешімін тапса, жауапты мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, бақылауға алынды.