
ҚАРҒАЛЫ АУДАНЫНДА АҚПАРАТТЫҚ СЕССИЯ ӨТТІ
Бүгін Қарғалы ауданында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсу бойынша ақпараттық сессия ұйымдастырылды. Кездесуге Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Амандоллаұлы Унербаев қатысып, кәсіби дамудың маңыздылығы мен білімнің мемлекеттік қызметтегі рөліне тоқталды.
🎓 Сессия барысында 2026–2027 оқу жылына қабылдау талаптары, білім беру бағдарламаларындағы жаңашылдықтар, конкурстық іріктеу кезеңдері мен Академияда білім алудың артықшылықтары кеңінен түсіндірілді.
✨ Академия - бұл:
- тәжірибеге негізделген сапалы білім
- кәсіби және тұлғалық даму
- шетелдік тағылымдамадан өту мүмкіндігі
- мықты сарапшылардан білім алу
- жаңа орта мен пайдалы нетворкинг
🚀 Бүгінде мемлекеттік қызметте заман талабына сай ойлайтын, басқарушылық қабілеті жоғары мамандарға сұраныс артып келеді. Осы жолда Академия - жаңа мүмкіндіктерге бастайтын маңызды алаң.
✅ Сонымен қатар бүгін “AI Qyzmet” жасанды интеллект негіздері бойынша оқыту бағдарламасы аясында Қарғалы ауданының мемлекеттік қызметшілері 100% толық оқытуды аяқтады.