Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиналыс өткізілді.

Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиналыс өткізілді.

Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиналыс өткізілді. Жиын барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды мәселелер қарастырылып, жауапты сала басшыларының есептері тыңдалды.
Аппараттық кеңесте ең алдымен Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының аудан аумағында өткізілу барысы талқыланды. Санитарлық тазалықты сақтау, елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және сенбілік жұмыстарын тұрақты жүргізу бағытындағы атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы міндеттер айқындалды. Аудан басшысы тазалық жұмыстарына барлық мекемелер мен тұрғындардың белсенді қатысуы маңызды екенін атап өтті.
Сонымен қатар, жиында атқарушылық тәртіп мәселесі қаралып, берілген тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуы, құжаттардың орындалу мерзімдерін сақтау және бақылауды күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Аудан басшысы жауапты мамандарға тәртіп пен жауапкершілікті күшейтіп, халықпен тиімді жұмыс жүргізу қажеттігін тапсырды.