9 мамыр – Жеңіс күніне орай Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаевтың қатысуымен аудан орталығындағы Даңқ аллеясында гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Тағылымды шараға аудан ардагерлері, мекеме басшылары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, жастар және аудан тұрғындары қатысты. Жиналған қауым Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Іс-шара барысында майдангерлердің ерлігі мен тыл еңбеккерлерінің қажырлы еңбегі ерекше аталып өтіп, бейбіт өмір сыйлаған аға буынға құрмет көрсетілді. Ұрпақ жадында сақталатын Жеңіс күні – ел бірлігі мен отансүйгіштіктің айқын көрінісі екені айтылды.

Мерекелік шара рухани тағылымға толы атмосферада өтіп, жас ұрпақты елін сүюге, тарихты құрметтеуге тәрбиелеудің маңызын айқындай түсті.