Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаевтың қатысуымен 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай аудандық мәдениет үйінде салтанатты мерекелік шара өтті.

Мерекелік жиында аудан басшысы ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында қызмет атқарып жүрген азаматтарды кәсіби мерекемен құттықтап, Отан қорғау – әр азаматтың қасиетті парызы екенін атап өтті. Сонымен қатар, әскери қызмет ардагерлері мен құқық қорғау саласының қызметкерлеріне ауданның қоғамдық өміріне қосқан үлестері үшін алғыс білдірілді.
Шара барысында бірқатар азаматтар аудан әкімінің Алғыс хаттарымен және марапаттарымен наградталды. Мерекелік кеш аудан өнерпаздарының патриоттық әндері мен концерттік бағдарламасына ұласты.
Отан қорғаушылар күні – елге қызмет етудің, ерлік пен батырлықтың жарқын көрінісі. Ел тыныштығы мен халқымыздың амандығы жолында қызмет етіп жүрген барлық азаматтарға құрмет көрсетілген тағылымды шара жоғары деңгейде өтті.