
Қарғалы ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға мемлекеттік мекеме қызметкерлері, кәсіпорын ұжымдары, еріктілер мен аудан тұрғындары белсенді қатысып, туған өлкенің тазалығына өз үлестерін қосты.
Сенбілік барысында елді мекен көшелері, саябақтар мен қоғамдық орындар тазартылып, қоқыстар шығарылды. Сонымен қатар, ағаш отырғызу және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды шаралар атқарылды.
Аталған акция – табиғатты аялау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың ортақ жауапкершілігін арттыруға бағытталған игі бастама. Қарғалы ауданының тұрғындары бұл шараға бір кісідей жұмылып, тазалық пен тәртіптің үлгісін көрсетті.
Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.