Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары Нұрлыбек Аманкулов пен Бадамша ауылдық округінің әкімі Ернар Дабылдин «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында елді мекен аумағын абаттандыру және санитарлық тазалықты сақтау бағытында арнайы жұмыс жүргізді.

Аталған іс-шара барысында энергожүйе нысандары, соның ішінде "Энергосистема", "KEGOC" аумақтарын аралап, қоршаған ортаны ластап тұрған қоқыстарды жинау, аумақты толық тазарту және ретке келтіру бойынша нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, жиналған қалдықтарды сұрыптау, арнайы орындарға шығару және аумақтың жалпы көркін жақсарту мәселелері де назардан тыс қалған жоқ.
Жауапты мекемелерге аумақты жүйелі түрде тазалап отыру, санитарлық талаптарды сақтау және тұрғындарға қолайлы әрі таза орта қалыптастыру міндеттелді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.