«ТУР LIFE»: БІРЛІККЕ БАСТАР ЖОЛ

«ТУР LIFE»: БІРЛІККЕ БАСТАР ЖОЛ

«ТУР LIFE»: БІРЛІККЕ БАСТАР ЖОЛ

Облыстық және Қарғалы аудандық жастар ресурстық орталықтарының ұйымдастыруымен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «TurLife» жобасы аясында жастар Қасқыр сарқырамасына ерекше саяхат жасады.

Табиғат аясында өткен шара барысында қатысушылар түрлі ойындар ойнап, өзара жақын танысып, достық қарым-қатынасты нығайтты. Әртүрлі ұлт өкілдерінен құралған жастар бірлік пен татулықтың маңызын сезініп, көтеріңкі көңіл-күйде уақыт өткізді.

Жаңа таныстықтар мен ұмытылмас әсерге толы бұл күн жастар үшін нағыз рухани демалысқа айналды.