Қарғалы ауданында Таза Қазақстан республикалық экологиялық акциясы аясында кең көлемді ағаш отырғызу және тазалық сенбіліктері ұйымдастырылды.

Қарғалы ауданында Таза Қазақстан республикалық экологиялық акциясы аясында кең көлемді ағаш отырғызу және тазалық сенбіліктері ұйымдастырылды.

Қарғалы ауданында Таза Қазақстан республикалық экологиялық акциясы аясында кең көлемді ағаш отырғызу және тазалық сенбіліктері ұйымдастырылды. Аталған іс-шаралар барысында елді мекен аумақтары тазартылып, жаңа жасыл желектер отырғызылды.
2026 жылы аудан көлемінде көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп, бұл бағыттағы жұмыстардың сапасына ерекше мән берілуде. Ағаштардың жерсінуі, оларды күтіп-баптау және уақтылы суару жұмыстары тұрақты бақылауға алынған.
Жауапты мекемелерге жасыл желектерді сақтау, күтіп-ұстау деңгейін арттыру және көгалдандыру жұмыстарын одан әрі жалғастыру бойынша нақты тапсырмалар жүктелді.
🔹Аталған жұмыстар ауданның экологиялық ахуалын жақсартуға, тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға, сондай-ақ елді мекеннің көркін арттыруға бағытталған.