Бүгін аудан әкімі Нұрлыбек Унербаевтың төрағалығымен аппараттық жиналыс өтті.

Бүгін аудан әкімі Нұрлыбек Унербаевтың төрағалығымен аппараттық жиналыс өтті.

Бүгін аудан әкімі Нұрлыбек Унербаевтың төрағалығымен аппараттық жиналыс өтті. Жиынның алғашқы сөзі “Таза Қазақстан” акциясының ұйымдастырылуымен басталып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды.
Атап айтқанда, аудан жастарын жан-жақты қолдау және дамытуға бағытталған жол картасының орындалу барысы талқыланып, атқарылған жұмыстарға талдау жасалды. Сонымен қатар, алдағы 1, 7 және 9 мамыр мерекелеріне орай ұйымдастырылатын іс-шаралардың дайындық деңгейі қарастырылып, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.
Күн тәртібіндегі тағы бір маңызды мәселе – аудандағы кәсіпкерлікті дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар болды. Осы бағытта жүзеге асырылып жатқан жобалар мен қолдау шаралары сараланып, кәсіпкерлікті одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар айтылды.
Жиын қорытындысы бойынша аудан басшысы тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, олардың уақытылы әрі сапалы орындалуын бақылауда ұстауды тапсырды.