
Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаевтың қатысуымен Қарғалы аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтті.
Сессия барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, бюджет қаражатының игерілу барысы және алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер кеңінен талқыланды. Күн тәртібіне сәйкес тиісті бөлім басшылары баяндама жасап, атқарылған жұмыстар мен жоспарланған жобалар жөнінде ақпарат берді.
Сонымен қатар, депутаттар тарапынан халықты толғандыратын өзекті мәселелер көтеріліп, инфрақұрылымды дамыту, жолдардың жай-күйі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағыттары бойынша ұсыныстар айтылды.
Сессия қорытындысы бойынша бірқатар шешімдер қабылданып, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктелді. Аудан басшысы берілген тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.