
Қарғалы ауданы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсенді түрде өз үлесін қосуда. Сонымен қатар, облыс әкімінің екі айлық санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізу жөніндегі қаулысына сәйкес Бадамша ауылында кезекті сенбілік ұйымдастырылды.
Аталған сенбілік тұрғындардың ұсынысы негізінде Ыбырай Алтынсарин көшесінде өткізілді. Шара барысында босап қалған аумақтардағы өсіп кеткен ағаштарды ретке келтіру, артық бұталарды кесу және жалпы тазалық жұмыстарын жүргізу қолға алынды.
Іс-шараға Қарғалы аудандық мәслихатының депутаттары, Қарғалы ауданы әкімі аппаратының ұжымы, мәслихат аппараты қызметкерлері және еріктілер белсене қатысып, ауылдың көркеюіне өз үлестерін қосты.
Мұндай бірлескен жұмыстар елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.