Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында аудандық орталық саябақта ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығын сақтау, сондай-ақ тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру болып табылады. Сенбілікке аудан тұрғындары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар ұйымдарының өкілдері мен еріктілер белсенді түрде қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты.
Сенбілік барысында саябақ аумағы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, ағаштар мен бұталар ретке келтірілді, аумақ абаттандырылды. Сонымен қатар, қатысушыларға қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Осындай игі шаралар ауданның көркеюіне, табиғаттың сақталуына және тұрғындардың туған жерге деген жанашырлық көзқарасын қалыптастыруға оң әсерін тигізеді.