Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаев пен облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиевтің қатысуымен Мылқау ауылында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында ауыл аумағын тазарту, абаттандыру және санитарлық жағдайын жақсарту бағытында кешенді жұмыстар жүргізілді. Қатысушылар қоршаған ортаны қоқыстан тазалап, қоғамдық орындарды ретке келтірді.
Сенбілікке аудан жастары, еріктілер, мекеме қызметкерлері және ауыл тұрғындары белсенді қатысып, туған жердің тазалығына ортақ жауапкершілік танытты.
Аталған шара тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және табиғатты аялау қағидаттарын нығайтуға бағытталды.