Аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев “Таза Қазақстан” акциясы аясында, аудан орталығында орналасқан бірқатар нысандарды аралап, олардың қазіргі жағдайымен танысты.

Аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев “Таза Қазақстан” акциясы аясында, аудан орталығында орналасқан бірқатар нысандарды аралап, олардың қазіргі жағдайымен танысты.

Аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев “Таза Қазақстан” акциясы аясында, аудан орталығында орналасқан бірқатар нысандарды аралап, олардың қазіргі жағдайымен танысты. Аралау барысында әкімшілік ғимараттар, әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымдық объектілердің жай-күйі тексерілді.

Аудан басшысы әрбір нысанның жұмыс барысын қарап, қызмет көрсету сапасына ерекше назар аударды. Сонымен қатар, жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар беріліп, анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жою қажеттігі атап өтілді.

Аудан әкімі тұрғындарға қолайлы жағдай жасау, ғимараттардың қауіпсіздігі мен тазалығын сақтау мәселелеріне басымдық беру керектігін жеткізді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты бақылауда болатыны айтылды.