
📢Құрметті аудан орталығының тұрғындары, еңбек ұжымдары мен кәсіпкерлері!
📅Баршаңызды ағымдағы жылдың 28 наурызы мен 30 мамыры аралығында өтетін көктемгі тазалық жұмыстарының екі айлығына қатысуға шақырамыз!
🌱Туған жеріміздің тазалығы – баршамызға ортақ жауапкершілік. Тазалық – мәдениеттің белгісі. Ортақ үйімізді таза ұстап, қоршаған ортаны аялау – әр азаматтың парызы. Өскелең ұрпаққа біздің берер үлгіміз.
Барша кәсіпкерлерді, мекеме қызметкерлерін және барлық тұрғындарды сенбілікке белсенді қатысып, ауданымыздың көркеюіне үлес қосуға шақырамыз!