
Бүгін Қасқыр сарқырамасы аумағында Visit Aktobe Туристік ақпараттық орталығының өкілдері, Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары Бадаков Бекзат Ғаппарович, Қарғалы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Аманжол Шапағат Нұрболатұлы, Қарғалы ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы секторының меңгерушісі Жақыпова Мадина Өмірзаққызы, сондай-ақ «Байқұла» шаруа қожалығының директоры Орынбасар Ысқақовтың қатысуымен бірлескен көшпелі кеңес өтті.
🔹 Кездесу барысында алдағы іс-шараға дайындық және негізгі ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды.
✅ Қасқыр сарқырамасының салтанатты ашылуы жоспарлануда — барлық ақтөбеліктер мен қала қонақтарын осы маңызды шараның бір бөлігі болуға шақырамыз! Толық ақпарат жақын арада жарияланады.