
Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық сотында талап қоюшы жауапкерден қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды. Істі қарау барысында тараптарға ҚР Азаматтық процестік заңнамасына сәйкес дауды бейбіт жолмен реттеу, оның ішінде медиация тәртібімен шешу құқықтары түсіндірілді
Сот талқылауы барысында тараптар өзара келіссөздер жүргізіп дауды медиация тәртібімен реттеу туралы ортақ шешімге келді. Нәтижесінде тараптар медиативтік келісім жасасып, онда даулы мәселені шешудің шарттарын, атап айтқанда берешек соманы өтеу тәртібі мен мерзмдерін өзара келісіп бекітті.
Ұсынылған медиативтік келісімді зерттей отырып, сот оның мазмұны ҚР қолданыстағы заң талаптарына қайшы келмейтінін, үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтынын, сондай-ақ тараптармен ерікті түрде жасалғанын анықтады.
Осыған байланысты, сот медиативтік келісімді бекіту туралы ұйғарым шығарды.
Медиативтік келісімнің бекітілуіне орай, ҚР Азаматтық процестік кодексінің талаптарына сәйкес іс бойынша өндіріс тоқтатылды.
Қарғалы аудандық соты.