«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Қарғалы ауданында кең ауқымды тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Қарғалы ауданында кең ауқымды тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Қарғалы ауданында кең ауқымды тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді. Аталған шараға аудан тұрғындары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, еріктілер мен жастар белсенді түрде қатысып, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.
Тазалық жұмыстары барысында елді мекендердің көшелері, саябақтар, қоғамдық орындар мен жол жиегі қоқыстардан тазартылып, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, арнайы техникалар жұмылдырылып, жиналған қалдықтар белгіленген орындарға шығарылды.
Аталған акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындарды тазалыққа, ұқыптылыққа баулу болып табылады. Қарғалы ауданының тұрғындары бұл игі бастамаға қолдау білдіріп, табиғатты аялау – әр азаматтың ортақ міндеті екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Осындай шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, ауданның тазалығы мен көркі арта түсеріне сенім мол.