Аудан басшысы Нұрлыбек Унербаев әкімдік ғимаратында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында аудан тұрғындары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік қолдау, жер қатынастары, жұмыспен қамту және инфрақұрылым салаларына қатысты өзекті мәселелерін көтерді. Әрбір өтініш мұқият тыңдалып, заңнама талаптарына сәйкес жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Көтерілген мәселелердің бірқатары бойынша жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынды. Жекелеген өтініштер бойынша тиісті зерделеу жүргізіп, заң аясында шешу жолдары қарастырылатын болды.
Азаматтарды жеке қабылдау – халықпен кері байланысты нығайтудың және тұрғындардың мәселелерін жедел шешудің тиімді тетігі болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.