Қарғалы ауданының әкімі Н.Унербаевтың төрағалығымен аппараттық жиналыс өтті.

Қарғалы ауданының әкімі Н.Унербаевтың төрағалығымен аппараттық жиналыс өтті.

Қарғалы ауданының әкімі Н.Унербаевтың төрағалығымен аппараттық жиналыс өтті. Жиналыс барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының іске асырылуы және өзекті мәселелер кеңінен қарастырылды.
Күн тәртібіне сәйкес, 2026 жылдың алғашқы екі айының қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен мемлекеттік сатып алу жұмыстарының орындалу барысы талқыланды. Сонымен қатар, әскери есепке алу және азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарының жай-күйі қаралып, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының іске асырылуы мен алдағы екі айлық сенбілікті ұйымдастыруға дайындық мәселелері қозғалды. Аудан басшысы тиісті мекеме басшыларына тазалық жұмыстарын жүйелі жүргізіп, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту бойынша нақты міндеттер жүктеді.
Жиналыс қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға белгіленген тапсырмаларды уақытылы әрі сапалы орындау тапсырылды.