Аудандық әкімдікте кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Аудандық әкімдікте кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Аудандық әкімдікте кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Жиын барысында қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – балалардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіз, қолайлы ортада тәрбиеленуін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Отырыс аясында үш отбасының мәселесі қаралып, әрбір жағдай жан-жақты зерделенді. Комиссия мүшелері отбасындағы ахуалға ерекше мән беріп, кәмелетке толмаған балалардың мүддесін бірінші орынға қоя отырып, тиісті ұсыныстар мен нақты шешімдер қабылдады.

Мұндай отырыстардың басты мақсаты – алдын алу шараларын күшейту, отбасыларға уақтылы қолдау көрсету және балалардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу. Бұл бағыттағы жұмыстар қоғамның тұрақтылығы мен жас ұрпақтың жарқын болашағын қамтамасыз етуге негіз болады.