
Аудандық «Amanat» партиясының ғимаратында Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаев аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында азаматтар әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер, инфрақұрылым, жұмыспен қамту және өзге де өзекті тақырыптар бойынша өтініш-тілектерін жеткізді.
Аудан әкімі әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, заң аясында тиісті түсіндірмелер берді. Кейбір сұрақтар бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеліп, орындалу барысы жеке бақылауға алынатыны атап өтілді.