
Аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев аудандық ардагерлер кеңесінің төрағаларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, ардагерлердің қоғамдағы рөлі, сондай-ақ аға буын өкілдерінің тәжірибесін жастар тәрбиесінде тиімді пайдалану мәселелері талқыланды. Аудан басшысы ардагерлердің ел бірлігі мен қоғамдық тұрақтылықты сақтаудағы үлесін ерекше атап өтіп, олардың ұсыныс-пікірлерін мұқият тыңдады. Өз кезегінде ардагерлер кеңесінің төрағалары ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, бірқатар өзекті ұсыныстарын жеткізді. Кездесу соңында тараптар алдағы уақытта да тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеуге ниетті екендерін білдірді.