Қарғалы ауданында кәсіпкерлік саласын дамытуға бағытталған маңызды кездесу өтті.

Қарғалы ауданында кәсіпкерлік саласын дамытуға бағытталған маңызды кездесу өтті.

Қарғалы ауданында кәсіпкерлік саласын дамытуға бағытталған маңызды кездесу өтті. Қарғалы ауданында аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев пен Қарғалы ауданының прокуроры Ернар Урекешов кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдерін жеке қабылдау өткізілді.
Жеке қабылдау барысында кәсіпкерлер өз қызметіне қатысты өзекті мәселелерді тікелей көтеріп, нақты ұсыныс-пікірлерін жеткізуге мүмкіндік алды. Аудан басшысы әрбір өтініштің назардан тыс қалмайтынын атап өтіп, заң аясында жан-жақты қаралатынын жеткізді.
Сонымен қатар аудан прокуроры Ернар Урекешов кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, заң талаптарының сақталуы және туындаған мәселелерді құқықтық тұрғыда шешу жолдарына тоқталды.
Қабылдау ашық әрі іскерлік жағдайда өтіп, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, кейбір сұрақтар бойынша нақты тапсырмалар жүктелді.