Биыл Мемлекет басшысы ағымдағы жылды Цифрландыру жылы деп жариялап, заманауи технологияларды қоғам өмірінің барлық саласына енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Биыл Мемлекет басшысы ағымдағы жылды Цифрландыру жылы деп жариялап, заманауи технологияларды қоғам өмірінің барлық саласына енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Биыл Мемлекет басшысы ағымдағы жылды Цифрландыру жылы деп жариялап, заманауи технологияларды қоғам өмірінің барлық саласына енгізудің маңыздылығын атап өтті. Цифрлық трансформация білім беру, ғылым және экономика салаларының дамуына жаңа мүмкіндіктер ашып, жас ұрпақтың цифрлық құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал етеді.

Осы басымдықтарды іске асыру аясында Қарғалы ауданында №2 Бадамша орта мектебінде робототехника сыныптары жұмыс істеп, табысты түрде қызмет атқаруда. Мұнда оқушылар бағдарламалау негіздерін, инженерлік ойлау дағдыларын және заманауи құрал-жабдықтармен жұмыс істеуді меңгеруде.

Цифрлық білім беруді дамытуда жас мамандардың рөлі ерекше. Олар мектепте сабақ беріп, оқытудың инновациялық әдістерін белсенді түрде енгізуде. Жас ұстаздар оқушыларға өзекті білім беріп, техникалық пәндерге деген қызығушылығын арттырып, оларды заманауи цифрлық қоғам талаптарына сай дайындауға үлес қосуда.