
ҚАР ШЫҒАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ!
Аудан орталығында қыс мезгілінің талаптарына сай қар шығару жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Көшелер мен жаяу жүргіншілер жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы техника жұмыс істеп, жиналған қар уақтылы тазалануда. Бұл шаралар тұрғындардың еркін қозғалысына қолайлы жағдай жасап, жолдағы қауіпсіздікті арттыруға бағытталған.