
Премьер-Министрдің кеңесшісі Е.Тоғжанов пен Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы А.Жүсібалиев Қарғалы ауданына жұмыс сапарымен келді. Іссапардың негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы саласының ахуалымен танысу және әлеуметтік нысандардың жұмысын бағалау болды.
Сапар барысында делегация аудан аумағында “Ауыл аманаты” жобасы бойынша мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтардың қызметімен танысып, өндірістік әлеуетін, мал басының жағдайын және мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін талқылады. Шаруа қожалығы өкілдері саладағы өзекті мәселелер мен ұсыныстарын жеткізді.
Сонымен қатар, аудан орталығындағы әлеуметтік нысандар спорт кешені мен аудандық балалар өнер мектебінде болып, аталған нысандардың материалдық-техникалық базасын және жасөспірімдер үшін маңызын атап өтті.
Іссапар қорытындысында ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік саланы дамытуға қатысты бірқатар өзекті мәселелер көтеріліп, оларды шешу жолдары бойынша нақты ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.