
«Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында аудан тұрғындары үшін тақырыптық қабылдау ұйымдастырылды. Іс-шараға аудандық прокуратураның өкілдері, аудандық полиция қызметкерлері, нотариус және аудандық мәслихат депутаттары қатысты. Қабылдау барысында тұрғындар өздерін толғандырған құқықтық мәселелер бойынша кеңес алып, нақты сұрақтарына жауап алды. Мамандар заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, көтерілген мәселелердің бірқатары бақылауға алынды. Мұндай кездесулер халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтардың заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.